Бала күтімі үшін жәрдемақы тағайындау талаптары қатаңдады
Жас босанған келіншектерге тиесілі әлеуметтік жәрдемақы тағайындау талаптары қатаңдады. Құжаттарға аса мән беріледі. Сондай-ақ бала күтімі үшін берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері шектелді. Жас босанған келіншектердің бала күтіміне тиісті әлеуметтік жәрдемақы алу үшін жинауы тиіс құжаттар тізімі тағы бір параққа көбейді. Бұрын жеке куәлік, туу туралы, неке туралы куәліктер, үй кітапшасы, сондай-ақ есепшот нөмірі көрсетілген құжат сұраланатын. Ал "ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңына енгізілген өзгеріске сай бұдан былай келіншектің жұмыс орнынан бала күтіміне орай демалысқа шыққандығы жөнінде бұйрық қоса талап етіледі. Жас босанған келіншекке берілетін бір реттік әлеуметтік жәрдемақының ең жоғары мөлшері бұдан былай 783 мың теңгеден аспайтын болады. Ал егер жалақысының көлеміне қарай әлеуметтік жәрдемақы осы шектік сомадан асатын болса үстіндегі қаражатты екі жақты келісілген түрде жұмыс берушіден өндіре алады. Мұндай жағдай жалақысы 100 мың теңгеден асатын жеке кәсіпорын қызметкерлеріне тән. Жұмыс жасамайтын әйелдерге бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен төленеді. Тұңғыш сәби 1 жасқа толғанға дейін төленетін ең төменгі әлеуметтік жәрдемақы 9521 теңге. Ал 4-ші нәрестеден бастап 14 мың 714 теңге көлемінде деп белгіленген. Жұмыстағы келіншектер жәрдемақыны мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады. Жас босанған анаға берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 4-ші баладан кейін 86 мың 550 теңге. |
Количество показов: 5567
Дата создания: 04.03.2013 19:17:18