"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жүзеге асырылып жатыр.
Білім сапасын жақсартумен қатар, баланың бойындағы игі қасиеттерді ояту, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлап, кішіге өнеге болуды үйрету. Бұл жаңа бағдарламаның мақсаты. Биылғы 1- қыркүйектен басталған "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жобасы бойынша бүгін облыстық білім басқармасы жоба қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтты.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпақ ұлттың сапасын анықтайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды,-дейді ұстаздар.
Бұл бағдарлама жаңа оқу жылынан бастап енгізілді. Бүгінде облысымызда 700 ден астам педагог оқытылып, білімін жастарға беруде. Мектептерде сынып сағаттары кезінде жүзеге асырылады. Айта кетейік,
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" ата-аналарға да арналған. Жиналыс кезінде педагогтар ата-аналармен де жұмыс істеуі керек. Өйткені, бала тәрбиесі екі жаққа да ортақ іс.
Количество показов: 576
Дата создания: 23.11.2023 01:32:29