Бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, білім басқармасы, құқық қорғау органдары мен еңбек инспекциясының мамандары бір жерде ақтөбеліктердің сауалдарына жауап беріп, оларға бағыт-бағдар көрсетті. "Нұр отан" партиясы облыстық филиалына көмек сұрап келгендердің оқиғасы сан алуан. Тығырыққа тірелген тұрмыстық мәселелермен қатар әлеуметтік проблемалары бар. Біреуі-мүгедектігін растай алмай жүр. Енді бірі-тегін емделуге квота алғысы келеді. Балабақшаға кезекке қоюды, жер беруді сұрап келгендері де бар. 8 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай көші-қон полициясының табалдырығын тоздырған оралмандар да келді. Қаз-қатар тізіліп отырған басқарма өкілдері әрқайсысының мәселесін тыңдап, қағазға түртіп отырды, көмектесуге уәде берді.
Қоғамдық қабылдауға ауыл тұрғындары да келген. Олар-дәрі-дәрмек , балабақша мен баспана мәселелері бойынша арызданды. Әлеуметтік сала мамандары тұрғындардың мәселесін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Количество показов: 1513
Дата создания: 02.02.2018 18:12:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>