Бүгін түн жарымда жер бетіндегі су жаңарады
Бүгін түнгі сағат 12-де жер бетіндегі су жаңарады. Осы қасиетті құбылысқа қалтқысыз сенетін православ христиандары жыл сайын түнжарымда суға шоқыну үшін өзен, тоғандарға ағылады. Ақтөбелік суда құтқару қызметінің мамандары діни жоралғы басталмастан бұрын қала маңындағы өзен-көлдерді шолып шықты. Халыққа ыңғайлы болу үшін Елек өзенінің бірнеше жерінен арнайы ойықтар әзірленді. Елек өзеніндегі мұздың қалыңдығы қазір 40 см. Арнайы құрылғылар болмаса, ойық жасау мүмкін емес. Құтқарушылар осыны ескеріп, суға шоқыну рәсімі орындалатын орындарды алдын ала дайындады. Ойықтар адамның белінен келетін тереңдікте, ені - 1,5, ұзындығы 2 метрдей етіп тесіледі. Аталған аумақтарда ертеңгі кешкі сағат тоғызға дейін құтқарушылар кезекшілік етеді. Жылыну пункттері жасақталады. Салқын суға шомылудың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Сумен шынығуды әдетке айналдырғандардың иммунитеті жоғары болып, қартайғанша белсенділік қабілеті төмендемейді. Десе де, суға шоқыну мерекесіне кемі 3-4 ай дайындалу қажет деп есептелінеді. Өйткені, салқын суға бойын үйретпей, бірден шомылған адамға суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін. |
Количество показов: 2381
Дата создания: 18.01.2013 19:02:51