Бүгін облыстың экологтары жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өндірістік экология өзектілігін жоймай отыр. Зауыттардан шығатын зиянды қалдықтар мәселесі қалай шешіледі? Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы 1 мен 2ші цехтарда газ тазарту құрылғылары жаңартылмақ. Қаланы жасыл желекке толтыру, кәріз стансаларын реттеу. Бұл әзір жоспар. Айта кетейік, өңірімізге іс-сапармен келген мемлекет басшысы Ақтөбеде экология мәселесін тез арада шешуді тапсырған болатын.Ақтөбе облысы стратегиялық, индустриялық - аграрлық аймаққа жатады. Шаһардың әлеуметтік жағдайынан бөлек экологиялық ахуалы да басты назарда. Өйткені, өңіріміз экологиясы нашар аймақтардың қатарында. Оған себеп металлургия, химия өндірістері мен коммуналдық кәсіпорындар. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында "Жол картасы" шеңберінде 2024 - 2026 жылдарға бірқатар шара жоспарланып отыр.
Елек өзені VI валентті хроммен ластануда. Ай сайын Елек өзеніне зертханалық сынақ жасалынады. Зерделеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 96,5 млн теңге бөлінді. Елек өзенінің арнасы бойында "жер қабырғасы" типі бойынша жерасты экранын салудың техникалық - экономикалық негіздемесі бойынша жобаны әзірлеу жоспарда бар.
Айта кетейік, биыл қаладағы 10 кәріз жүйесіне катализаторды қолдану бойынша жұмыс жүргізілді. Оған бюджет есебінен 478 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай - ақ, қазандықтарда жөнделген болатын.
Количество показов: 498
Дата создания: 23.12.2023 01:24:40