Қазақстандық жігіттер енді әскерге баруға электронды түрде тіркеледі.
Әскерге шақыру қағаздары енді egov порталы арқылы 1414 нөмірімен ұялы телефонға келіп тұрады. Екі күннен бері әскери есеп жаңа форматта жүзеге асырырылуда. Отан алдындағы міндетін атқарушы жігіттер енді әскерге баруға міндеттілердің есебіне электронды түрде тіркеле алады. Мұның барлығы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдармен интеграциялаудың көмегімен жаңа форматқа өтті дейді әскерилер. Цифрлық қызмет нәтижесінде әскерге алынатын жеткіншектер мекен жайын ауыстырған кезде комиссариаттағы есеп те автоматты түрде өзгереді. Тіпті әскери билет алу үшін де құжаттар жинаудың қажеті болмай қалды. Әскери билет те egov жеке кабинетінде автоматты түрде рәсімделеді.Ал шет елдерге қоныс аударған жастарға да комиссариатпен хабарласудың қажеті жоқ. Комиссариат қажетті ақпаратты көші-қон қызметіне жолдап отырады. Қазір әскерге баруға міндеттілер мен шақырылғандардың электрондық есебі жұмыс істеп тұр.
Количество показов: 385
Дата создания: 10.11.2023 20:40:30