Ауласы баққа айналған мектеп.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар 13 "Глаука Кейбаб" шыршасын отырғызды. Мұндай ерекше сортты өсімдіктің бағасы 47 846 теңге. Мақсат-жас буынды табиғатты аялауға шақыру. Айта кетейік, гүлдей жайнаған мектептің ауласы жазда тұрғындар үшін сая, қыста пана,-дейді мектеп әкімшілігі.Бұл жолы мектеп ауласына 13 дана «Глаука Кейбаб» шыршасы егілді. Күтімі жақсы болса шыршаның бұл түрі биіктігі 10 метрге жетуі тиіс. Сұлулығы көздің жауын алары сөзсіз. Тал егу шарасына балғындар да қатысты. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай қымбат шыршалар мектептің жылдық қаржысын үнемдеу арқылы алынған. Мектеп көшеттердің әрқайсысын 47 846 теңгеге сатып алыпты. Қылқанжапырақты көк шыршаларға жұмсалған жалпы қаражат 621 998 теңге. Есесіне, таза ауа мен жайқалған бақ,-дейді ұстаздар.Количество показов: 409
Дата создания: 17.11.2023 00:17:37