Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз!
Қауіпсіздік белдігін тағыныңыз. Екі күн бойы жол инспекторлары жүргізушілерге осылай деп жиі ескертетін болады. Ережеге бағынбағандар қатаң жазаланады. Ақтөбеде "Қауіпсіздік белдігі" атты арнайы шара өтіп жатыр. Ақпанның жетісі мен тоғызы аралығында жол полициясы басқармасының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді. Бүгін қала көшелерінің біріне ала таяғын ұстап облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Алтынбаевтың өзі де шықты. Лауазымды жол сақшысы ала таяғымен біраз жүргізушіні тоқтатты. Тіпті көшелерде басшымен қоса өзге де жол инспекторларының қарасы көбейіп кеткені тұрғындардың қорқынышын тудырды. Алаңдап, біздің редакциямызға хабарласқандар да бар. Өткен қаңтар айының өзінде Ақтөбеде 59 жол-көлік апаты тіркеліп, 5 адам көз жұмған. 81-і жараланды. Бес жол-көлік апаты балалардың қатысуымен болған. Бес адам жарақаттанған. Сондай-ақ облысымызда ереже бұзатын жүргізушілер саны да азаймай тұр. Аталған айдың өзінде дәл осындай тәртіп бұзған 8 мыңға жуық жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соңғы жылдары жол сақшыларының арасында орын алуы мүмкін жемқорлыққа қатысты да бірқатар шаралар атқарылған. Дегенмен ала таяқ ұстаған ағайындардың арасында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әзірге азаймай отыр. Ондай алтын көрсе жолдан таятын періштелерді Ерлан Алтынбаевтың өзі былайша сипаттап берді. Ерлан Алтынбаевтың айтуынша басын бәйгеге тігіп, ережені оңды-солды бұзатын жүргізушілер азаймай тұр. Үлкенді де, кішіні де апат бола қалған жағдайда көп жағдайда осы қауіпсіздік белдіктері аман алып қалып жатады. Алайда оны қаперіне де ілгісі келмейтіндер әдеттегідей айыппұл төлеуге мәжбүр. |
Количество показов: 3174
Дата создания: 07.02.2013 19:23:32