Атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға төтенше жағдай кезінде төлем автоматты түрде созылады
Өткен жылы 3709 ақтөбелік отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болған. Бұл шамамен 18 мың адам. Биыл олардың саны әлде қайда артуы мүмкін. Себебі, атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға төтенше жағдай кезінде төлем автоматты түрде созылады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Мұрат Сейтенов нақтылады. Маманның айтуынша, бұл шара төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
Атап өтейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-ші қаңтардағы халыққа үндеуінде бірнеше әлеуметтік мәселелерді қозғаған болатын. Соның ішінде "жастар тәжірибесі" мен "алғашқы жұмыс" жобаларының мерзімін ұзартуды атаған болатын. Енді жастар тәжірибесіне қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға, ал кейінгісі 18 айға ұзартылды. Сондай-ақ, жастар тәжірибесіне қатысушылардың жалақысы да өсіп, 90 мың теңгені құрайтын болды.
Количество показов: 630
Дата создания: 13.01.2022 19:22:34