Сегодня: 29.11.2024
Ата-анасынан бас тартқан 4 адам жауапқа тартылады
Ақтөбедегі қарттар үйі ата-анасын бағудан бас тартқан 4 адамды жауапқа тартпақ. Қазір бұл іспен прокуратура айналысуда. Әке-шешесіне алимент төлеушілердің қатары әлдеқайда көбейер еді, алайда қариялардың басым бөлігі арыз жазудан бас тартқан. Қазір мұнда 296 адам бар. Оның 108-і зейнет жасына жетпеген мүгедек, 188-і қария. 87 жастағы Орын Нысырина да 5 баланың анасы. Ойыл ауданы, Құрман ауылынан. Жұбайымен бірге 2 қыз, 3 ұл тәрбилеп жеткізген әжей қалған өмірін қарттар үйінде өткізуге мәжбүр. Мойнына мінгізіп, еркелетіп өсірген балалары аналарын алақандарына салып аялай алмады. Келіндерінің қорлығына шыдамаған кейуана қарттар үйіне қашып келеді. Артынан ұл-қыздары іздемеген де. Аштық, қуғын-сүргін мен 2-дүние жүзілік соғысты бастан өткерген ана тап осы жерге тұрақтаймын деп ойламапты. Үш ұйқтаса түсіне де кірмеген мекен енді міне маңдай тірейтін жалғыз жеріне айналған. Мұнда қарияларға барлық жағдай жасалған. 3 мезгіл тамақтары дайын. Кітапхана, медициналық пункт, демалыс залы мен мерекелік шараларға арналған салтанат залы бар. Бірақ, бұл туған шаңыраққа айналып, немеренің бал тілін естіп, маңдайынан иіскеп өмір кешкенге жетпесі анық. Мерейлі отбасыларды марапттау сәтінде президент балалар мен қарттар үйлеріндегі тұрғындардың қатары өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын. Жыл сайын елімізде 1500 бала жетім қалады, көбісінің ата-анасы тірі әрі сау. 7000-нан астам қария қарттар үйінде тұрып жатыр, басым бөлігінің жағдайы жақсы, табысты балалары бар.
Количество показов: 2051
Дата создания: 24.09.2014 18:06:35
Guest
24.09.2014 21:21:52
|
Қазақтарда осындай қорлық болғанба?Нені қор етсен соған зар боласын,
|
|
Талгат
26.09.2014 10:49:06
|
Өте орынды көтерген мәселені, рахмет саған Жанар!!!
|
|