Бүгін халықаралық қарттар күні. Осыған орай облыстық №1-әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік шара өтті. Әлеуметтік орталықты үйіне айналдырған қарттардың бірі - Абай Саржалин. Бұл жерге келгеніне жеті ай болыпты. 18 жыл бұрын жұбайынан айырылған. Содан бері кезбенің тірлігін кешіп, ақыры жеткен жері қарттар үйі болды. Екі баласы, немерелері бар. Қарғалы ауданында тұрады. Балаларымның несиесі бар, тіршіліктері қиындап кетті деп ешқайсысына шаң жуытпайды. Абай ағамыз сияқты немеренің қызығын көрер жаста осы бір қаланың шетіндегі сұрғылт баспананы 230 адам шаңырағына айналдырған. Үлкен бір әулет секілді. Бұл орталық - бірнеше ұлттың өкілі тоғысқан жер. Тұрғындарының 75 пайызы зейнеткер. Қалғаны мүгедек. Қарттар үйіне күз басталысымен қонақ көп келеді. Бәрінің мақсаты бір - қамкөңіл қариялардың көңілін аулау. Бүгін орталық ұжымы концерт қойып, белсенді қарияларды марапаттады.
Қариялардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі. Бірі туған баласынан теперіш көріп, осы мекенге табан тіресе, енді бірі өз еркімен қоныс тепкен. Немере-шөберелерінің ортасында отырмаса да, орталықтағы тағдырластарымен тату-тәтті өмір жүріп жатыр. Дәрігерлер күнделікті денсаулықтарын тексеріп отырады. Төрт қабырғаға қамалып отыра бермесін деп, қолөнер бөлмесін де ашқан. Қарттардың зейнетақыларының 70 пайызын қалалық зейнетақы төлеу орталығы ұстап қалады. Бұл қаражат дәрі-дәрмек, өзге де керек-жарақтарына жұмсалады. Ал қалған отыз пайызын қариялар өздері жұмсайды. Арасында балаларын сағынған тұрғындар бұрынғы үйлеріне барып қайтады.
Количество показов: 1717
Дата создания: 01.10.2018 18:59:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>