Қараусыз жүрген иттерді атуға тиым салынды
Жануарларға мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары араша түсті. Табиғатты қорғау прокурорлары қала ішінде итке қару кезену-аңшылық деп мәлімдеді. Қаңғып жүрген жануарды атып тастау қатыгездік болғаны былай тұрсын, адамгершілікке жатпайды, әрі заңға қайшы келеді,- дейді прокурор Жасұлан Дәулембаев. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі осы уақытқа дейін иесіз иттер мен мысықтарды аулауды өздері қабылдаған Ережеге сүйеніп жүргізіп келген. Жергілікті атқарушы органдармен тиісті нормативтік-құқықтық акті қабылданбаған. Осы уақытқа дейін қолданыста болған Ережені прокурорлар заңсыз деп тапты. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі қазір құжатты заң талаптарына сәйкес, қайта әзірлеп жатыр. Дайын болған соң облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылады. Өткен жылы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі 7 500 иесіз ит-мысықтың көзін жойған. Биыл "Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау және жоюға" деп 16 млн теңге бөлінген. Прокурорлар тиым салғанға дейін жыл басынан бері 900 -ге тарта ит атылған. Иесіз иттің жағдайына келгенде, қалалықтардың пікірі екіге бөлінеді. Біреулері бұралқы ит бұқараға шауып, берекетті алды десе, енді біреулері, сол жануарды атпай-ақ, аулап, арнайы орын ашып, сонда ұстау керек дейді. |
Количество показов: 2222
Дата создания: 21.02.2013 19:10:37