Қар еріп көктем келісімен, қалада шұрық-тесік жолдардың саны артты
Бұл-Мәскеу ауданындағы Пушкин мен Павлов көшесінің қиылысы. Жолдың нашарлығы соншалық, үлкен шұңқырға су толып көлікпен жүру мүмкін емес. Ал оған қазір көктемдегі қармен жаңбырды қосыңыз.Тұрғындардың айтуынша Пушкин көшесі қоқысқа толып кетеді. Оны қоқыс тасушылар тазаламайды,- дейді. Жергілікті халық ағаш жапырақтар мен қоқыстарды жинап қоямыз деп отыр. Бірақ оны коммуналдық мекемелер алмай кетеді дейді. Ал Лококомотивная көшесінің тұрғындары асфальт жоқтығына налиды. Күз немесе көктем мезгілі болғанда қармен жаңбыр суларына көше суға толады. Тіпті мұндай кезде көлікпен де жүре алмаймыз,- дейді тұрғындар.Локомотивная көшесіне такси қызметі келмейді дейді. Келсе де көшенің басында немесе келесі көшеде күтіп тұруға мәжбүр. Жедел жәрдем көлігінің жыры бөлек. Өйткені жол жоқ.Количество показов: 339
Дата создания: 12.04.2024 03:46:43