Қант диабетін емдеу мен диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.
«Қант диабетін емдеу мен диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктері». Бүгінгі басқосуға арқау болған тақырып осы. Шара дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орайластырылып отыр. Конференцияға қатысушылар қант диабетін «ХХІ ғасырдың пандемиясы» деп атады. М.Оспанов атындағы БҚМУ нің оқытушылары осылайша диабетке қоғамның назарын аудармақ. Сусамыр немесе қант диабеті. Мұнымен ойнауға болмайды. Ауырған адам үнемі қатты шөлдейді , құрамында қанты мол зәр көп келіп, кіші дәретке жиі барады, тіпті тәулігіне 6 литрге дейін,дейді дәрігерлер. Балалардың кіші дәреті тоқтамайды. Диабетке шалдыққан адамдар шөлдеп, тамаққа тәбеті артады. Тұрғындар диабет жайлы біліп, оның алдын алуы қажет. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Уақтылы тынығып, майлы, тәті тағамдар, алкагольдан бас тартып, спортпен шұғылдану-аурудың кез-келген түрінен қорғайтыны анық,-дейді мамандар.Количество показов: 548
Дата создания: 15.11.2023 00:45:40