«AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумы өтті.
"AMANAT" партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының облыстық форумы мемлекеттік әнұранымызды шырқаумен басталды. Артынша "AMANAТ" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы директоры Ербол Данағұлов биылғы атқарған жұмыстарын есепке алып, "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылатын бағыттарына тоқталды.Облыс әкімі Асхат Шаһаров өткен аптада қаламызға президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың іс - сапармен келгенін айтып, "AMANAT" партиясының қоғамға тигізер пайдасын сөзіне тиек етті. Халықтың аманат ретінде тапсыратын проблемаларын шешуге атсалысу керегін ескерді.Биыл облыста шағын және орта бизнес саласында кәсібін дөңгелетіп отырғандардың саны 182 мыңға жетті. Бұл "Жол картасы" шеңберінде, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар. Сондай - ақ, білім саласына қолдау көрсетіліп, облыс орталықтарында жаңадан мектеп ғимараттары бой көтерген болатын. Сондай - ақ, облыс әкімі жақында ғана орталықта ашылған "AMANAT - KITAP" орталығына шолу жасады. "AMANAT" партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының облыстық форумның соңы шаралармен жалғасты.
Количество показов: 408
Дата создания: 14.12.2023 23:09:41