Қаладағы басты көпір 2 айға жабылады
Тургенев көшесінен көпір асты арқылы Ғазиза Жұбанова көшесіне қарай тартылып жатқан жаңа жолдың бір бөлігі салынып болды. Енді көпір астынан туннель қазу керек. Сол себепті, 1-шілде, жексенбі күні таңғы сағат алтыда 5-аудан көпірі жабылады. Көпір үстімен жүретін автобустар көпір жанындағы жаңа жолға бағытталады. Өзге көліктер көпір жанындағы жаңа жолмен жүре алмайды. Сондықтан, автомобиль жолдары бөлімінің мамандары уақытша Мәншүк Мәметова көшесін ашуды жөн көрген. Бұл жол бірінші шілденің таңында ашылады. Мұндағы құрылыс әлі бітпеген. Асфальттың екінші қабатын салу керек. Оның үстіне, енді бұл көшенің Шәйкенов көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі бөлігінде жол жабылады. Бұл өзгерістерге байланысты 312-атқыштар дивизиясы мен Әлия Молдағұлова даңғылдары қиылысында, 312-атқыштар дивизиясы мен Бейбітшілік даңғылдары қиылысында, шіркеу ауданы маңында жолдың басымдық белгілері өзгереді. Көпір жабылатын күн - жексенбіде жолдағы қозғалысты күні бойы жол инспекторлары бақылап, реттейтін болады. 5-ықшам аудандағы көпір қыркүйекте ашылуы керек.
Количество показов: 1194
Дата создания: 29.06.2018 18:47:58