Ақтөбеде кезекті бәссаудаға қойылатын жер учаскелері белгіленген. Көлемі 15,6 гектар болатын 26 жер 28, 31 наурыз күндері аукционға қойылады. Ағылшын әдісі бойынша өтетін аукциондағы жерлердің бастапқы құны 13 млн. теңге. Қалалық жер қатынастары бөлімі мамандарының айтуынша, кәсіпкерлер арасында автогаз құю бекеті мен балабақша құрылысы үшін жерге сұраныс көп. Солардың бірі Ақтөбе-Хромтау тас жолы бойындағы автогаз құю бекеті салынатын жер. Көлемі 1200 шаршы метрлік жер учаскесін бәссаудада сатып алуға бүгінге дейін 5 адам тапсырыс беріп қойыпты. Ал Заречный-3 елді-мекеніндегі мына жерде болашақта 240 орындық балабақша салынады. Көлемі 7000 шаршы метр. Бәссаудадағы бастап құны 540 мың теңге. Аукционға қойылған жер учаскелері кәсіпкерлерге 3 жылға жалға беріледі. Кейін құрылыс аяқталған соң жекешелендіріп алады. Алайда, мамандардың айтуынша бәссаудада сатылған жерлерден бас тартып жатқандар да бар.
Жыл басынан бері Ақтөбеде 3 аукцион өтті. Өткен айда 26 жер учаскесі балабақша салуға берілген. Алдағы бәссаудадағы 10 жер учаскесі мектепке дейінгі мекемелерге арналған.
Количество показов: 1557
Дата создания: 16.03.2017 18:16:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>