Қалада әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің кей түрі қымбатқа сатылып келген
Қалада әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің кей түрі қымбатқа сатылып келген. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен экономикалық тергеу департаменті өкілдері "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу" тақырыбында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы аймақта жағдай тұрақты деді. Облыста азық-түлік қымбат. Баға ай сайын емес, апта сайын өзгеретіндей. Бүгінде дүкенге бір кіріп шыққан адам орта есеппен 50 мың теңгесін тастап кетеді. Ал заң бойынша көтерме сауда мен бөлшек сауда арасындағы үстемақы 15 пайыздан аспауы тиіс екен. Онымен азық-түлік дүкендерінің иелері бұл межені реті келсе, елемеуге тырысады. Осы ақпан айында бағаны негізсіз өсірудің бір дерегі анықталған.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандырудың екі тетігі қарастырылған. Бірі тұрақтандыру қорын пайдалану. Ақтөбеліктер тұрақтандыру қорынан деп сатылатын көкөністердің сапасына көп сын айтады. Тиынға да сатып алуға тұрмайтын көрінеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған жадынамалар әзірленген. Мұнда әлеуметтік тауарлардың тізімі, олардың бағасы қалай реттелетіні, құнды негізсіз өсіруге қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы толық ақпарат бар.
Количество показов: 848
Дата создания: 17.03.2023 04:07:41