Шаһарда қауын-қарбыз саудасы қызып тұр. Базар іші де, сырты да оңтүстік өңірлерден жеткізілген бақша дақылдарына толы. Шымкент пен Шардараның өнімдері. Бағалары келісіне 80 теңгеден жоғары. Қауынның келісі 300 теңгеден басталады. Қаладағы көлік көп жүретін көшелерді жағалай қарбыз-қауын сатып отырғандар да көп. Жол бойында қауын-қарбыз құны базардағыдан 15-20 теңгеге төмен. Шығанақ Берсиев көшесінде бақша өнімін саудалап отырғандардың бірі - Қамар Есентұрлиева. Көп балалы ана. Күйеуі 2-топ мүгедегі. Күн көрістің қамымен жазда қарбыз-қауын сатады. 3 айда жинаған қаржымен мектепке баратын үш баласын киіндіреді. Студент қызы тағы бар. Келіншек көше бойына қарбыз сатуға рұқсатты қалалық әкімдіктен сұрағанымен рұқсат ала алмаған. Мамандар ерте пісірілген қауын-қарбызды жемеуді бірнеше рет ескертсе де, құлақ асып жатқандар аз. Аптап ыстықта ақтөбеліктер арасында қауын-қарбызға деген сұраныс артты. Жемістің сапасын растайтын құжаттарды да талап етуді ұмытпайды.
Сатушылардың сөзінше, күніне 500 келіден көп қарбыз өтеді. 41-бекеттегі көтерме базардан аларда арнайы зертханаға тексертеміз дейді. Дегенмен, қолдарында мұны растайтын құжаттары жоқ. Негізінен қауын-қарбыздың пісетін уақыты тамыз -қыркүйек айлары. Жергілікті бақша өнімдері де сол кезде базар сөрелеріне қойылады.
Количество показов: 1601
Дата создания: 12.07.2018 18:55:53
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>