Қала әкімінің есебінде ең өзекті мәселелер көтерілді
Еңбек ардагерлері бұрынғыдай қоғамдық көліктерде тегін жүруді қалайды. Зейнетақымыз дәрі-дәрмектен артылмайды деген олар тегін таратылатын медициналық препараттардың жетіспеушілігі жөнінде де мәселе көтерді. Жолаушылар автобустарын жаңарту және аялдамалар арасын жақындату ұсыныстары тасталды. Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында есеп беру жиынын өткізіп, ақтөбеліктердің мәселесіне құлақ түрді. Республикалық мүлікті заңдастыру акциясы былтыр 1-желтоқсанда аяқталды. Оған дейін акция екі мәрте ұзартылған болатын. Егер құжаты дұрыс, түгел болса, дүние-мүлік еш кедергісіз заңдастырыла береді. Ал қалада қыркүйек айына дейін жаңа 290 жолаушылар автобусы пайда болады. Мамырға дейін соның 35-і жеткізіледі. Тургенев көшесінде тұрамын деген қария үйінің қасымен 8А, 16-шы автобустардың бір бағытта ғана қозғалатынын жеткізді. Аялдамалар арасы да алшақ. Сол арада жауап берілмеген сұрақтар жазып алынды. Ешбір сауал жауапсыз қалмайды дейді әкім. Ал салықты уақытылы өтеп жатырмыз, қаражат неге жетпейді деген халықтың уәжіне Ілияс Испанов 14 миллиард 800 миллион теңге салықтың жиналмай жатқанын мәлім етті.
Количество показов: 1514
Дата создания: 13.02.2017 19:33:10