Қала әкімі халық алдында есеп берді
Биыл Сазды селолық округінің ауыл ішіндегі жолдары және тас жолдан "Бауырластар-1-ші, 2-ші" тұрғын үйлер аумағына қарайғы жолдар жөнделеді. Телефон желісі тартылып, ауылдықтар ғаламторға шығуға мүмкіндік алады. Ақжолтай хабарды ауылдықтарға алғашқы есептік кездесуін өткізген шаһар басшысы Ерхан Омаров жеткізді. Мәдениет үйіндегі жиынға Қарғалы, Сазды, Қурайлы, Благодар және Жаңақоныс селолық округтерінің тұрғындары жиналған. Қала әкімі азаматтардың есептік кездесуде айтылған ұсыныстары мен өтініштері ескерусіз қалмайтынын айтты. Мысалы, былтыр халық айтқан өтініш негізінде 29 шара қабылданған. 25-і толық шешіліп, тек төрт мәселе биыл қолға алынады. Өз баяндамасында Ерхан Омаров қаланың әдеуметтік-экономикалық ахуалы артып келе жатқанын айтты. Өткен жылы 10 нысан іске қосылып, 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Саздының шамамен 4 мыңға жуық халқы бар. Ауылда өндіріс ошағы болмаған соң, көпшілігі қалаға қатынап, жұмыс істеп жүр. Қысты күндері жол уақытынша тазартылып, қоғамдық көлік жақсы қатынайды дейді әкімнің есебін тыңдауға келгендер. Әкімдері Ихсан Дисикушты "өзіміздің ауылдың баласы" деп, іскерлігіне шаң жуытпайды саздылықтар. Қазір Саздының іргесінен "Бауырластар1 және 2" ауданы бой көтеріп жатыр. Жеке тұрғын үй тұрғызып жатқандар көп. Биыл ауылдың мәдениет үйіне баратын жолмен Өнеге көшесі, Лесное ауылынан "Оңтүстік айналым" тас жолына шығатын жол, Сазды селолық округінен "Бауырластар"1 мен 2-ге бұрылатын жолдар жөнделмекші. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Қала әкімі Ерхан Омаров алдағы уақытта тағы да 4 есептік кездесу өткізеді. |
Количество показов: 2164
Дата создания: 04.02.2013 21:27:47