Ахтанов театрында премьера
Көпшілікке танымал «Махаббат бекеті» кинофильмінде Оралдың бейнесін сомдаған актер Қуанышбек Адылов Ақтөбеде. Жуырда оның режиссерлік етуімен ақтөбелік көрермендерге "Тектоника чувств" деп аталатын махаббат тарихынан сыр шертетін қойылым ұсынылмақ. Француз драматургі Эрик-Эмманюэль Шмиттің бұл туындысы елімізде алғаш рет сахналанғалы отыр. Сүйікті кәсіп, мол табыс пен шынайы махаббатқа кенелген ер - азаматтың өмірі кенеттен құрдымға кетеді. Жақсы көру мен жек көрудің арасы бір адым екендігіне көзі жетеді. Диана есімді басты кейіпкердің жұбайына сенімсіздік танытуы- екі арадағы нәзік сезімнің жоғалуына себеп болады. Қойылым режиссері Қуанышбек Адыловтың айтуынша, "Тектоника чувств" спектаклі Қазақстанда алғаш рет сахналанбақ. Демек ақтөбеліктерге бірінші болып көру бақыты бұйырып тұр. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр әртістеріне Қуанышбек Адыловтың көңілі толды. Туындының көрермендер жүрегіне жол табатындығына сенімі мол. Тектоника мағынасы - табиғаттың өзгеріске ұшырауы. Ал бұл құбылыс адам жүрегінен орын алса қандай болады? Әртістер үшін осының бәріне көрермендердің көзін жеткізу шарт. Бүгін олар өз дайындықтарын тағы бір пысықтап өтті. Көпшілікке таныс "Махаббат бекеті" фильміндегі Оралдың рөлін сомдаған Қуанышбек Адылов Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін бітірген. "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Теңізші" , "Ғашық ұры" «Арман қала» телехикаясына түскен. «Сезам» театрындағы - бірнеше қойылымның режиссері. Кәсіп иесінің шеберлігіне ақтөбеліктер де куә болады. "Тектоника чувств" спектаклін наурыздың 1-2-сі күндері Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр сахнасынан тамашалауға болады. |
Количество показов: 2527
Дата создания: 26.02.2013 18:34:17