Абайлаңыз, көктайғақ!
Сақтансаң, сақтаймын! Дәрігерлер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейтуді ұсынып отыр. Қыстың көзі қырауда жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны артып кеткен. Осы мезгілде түнгі аяз жердің бетін қатырып, кеше ғана жүріп өткен жолымыз айнадай жарқырап, көктайғаққа айналады. Тұрғындар коммуналдық мекемелердің әрекетсіздігіне наразы. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.Автокөлік жүргізушілері де көктайғақ күндері абай болуы шарт, жылдамдығын бәсеңдетіп, ара қашықтықты да сақтау керек. Көктайғақ кезде тежеу жолы үш есе ұлғаяды. Сондықтан ұсынылатын қашықтық - араға екі көлік сиятындай болғаны жөн. Егер сіз жаяу жүргіншінің мұзда тайғанап, құлағанын көрсеңіз, уақыт жоғалтпай жедел жәрдем шақырыңыз немесе зардап шегушіні жақындағы травматологиялық пунктке жеткізіңіз. Бүгінде соңғы 2 күнде 40 қа жуық адам травмотология бөліміне жабық ми жарақаттарымен түсті. Оларға амбулоториялық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Әр адам өз өмірі мен денсаулығына жауапты. Сондықтан үйден шығарда табаны тайғанамайтын, қауіпсіз аяқ киім кигені жөн. Ақырын жүріп, аңдап басқан адам діттеген жеріне жетеді.
Количество показов: 377
Дата создания: 11.12.2023 20:45:11