Ақтөбенің 2018-2020 жж арналған бюджеті талқыланды
Қалалық мәслихат депутаттары бүгін 2018-2020 жылдарға арнаналған қала бюджетінің жобасын талқылады. Алдағы жылдары қала бюджетіне шамамен 31 млрд. теңгеге жуық кіріс түседі. Шығын көлемі 27 млрд. 205 млн. теңге көлемінде. Бұл туралы бүгін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркебұлан Сағынғанов депутаттар алдында мәлімдеді. Білім беру саласына 14,4 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. 80-ге жуық мектеп қаржыландырылады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі жылы қалалық бюджеттен 1 млрд. 700 млн. теңгеден астам ақша бөлу қарастырылып жатыр. Бұл мемлекеттік жәрдемақыларды төлеп, шаһардағы 20 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады. Жұмыспен қамту бағдарламалары негізінде 800 ақтөбелік жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Бөлім басшысының сөзінше, құрылыс, қайта жөндеу, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары мен жолдарды дұрыстауға облыстық және қалалық бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Айта кетсек, Сельмаш ауданындағы Арынов көшесіндегі көпірді қайта жөндеу жұмыстары басталады. Ол үшін 2,6 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлу қарастырылып жатыр. Ал, жобаны бастауға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінеді. Қаладағы Украинка, Красносельск, Нұр Ақтөбе, Құрашасайдағы 4 мектепке 265 млн. теңгеге жуық қаржыны республикалық бюджеттен алу жоспарланған.
Количество показов: 1327
Дата создания: 12.12.2017 19:40:16
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>