Ақтөбеліктердің газ құбырын тартып жатқандардың жұмысына көңілі толмай отыр.
Қаланың бірнеше бөлігінде магистарльды газ құбырларын өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Кей аудандарда мердігер жерді қазып, жұмысты аяқсыз қалдырған. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. "Жөндеу жұмыстарына көзіміз үйреніп кетті" -дейді ақтөбеліктер. Себебі, қаламыздағы жөндеу жұмыстары әрдайым мерзімінен ұзап, қар, жаңбыр жауса аяқсыз, тоқтап қалатынын бесенеден белгілі.Газ құбырларының жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме "ҚазТрансГаз аймақ" акционерлік қоғамы. Құрылыс қазан айында басталды. Әзір аяқталар түрі жоқ. Қар мен балшық араласып жатқан мына күні бәрінен бұрын жаяу жүргіншілер үшін өте қолайсыз. Автобус аялдамаларына жетудің өзі мұң. Ал, Сүт зауыты ауданында мердігер бірнеше көшені қазып тастаған. Ал топырақ үйінділерін тазаламаған. Кесірі тұрғындары тиіп отыр. Құрылыс жұмыстарының қашан аяқталатыны әзір белгісіз. Тұрғындар болса, ауа райы реттелмейінше, құбырлар толықтай ауыстырылмайды деп қауіптеніп отыр.
Количество показов: 357
Дата создания: 22.12.2023 00:01:48