Ақтөбелік шаруалар келер жылы да зинкестерден дамыл болмайды деп үрейленіп отыр.
Бүгін облыс әкімі өңірлік кеңес мүшелерімен және "ATAMEKEN" кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Асхат Шахаров бизнес саласы, ауыл шаруашылығы мен мектепке дейінгі ұйымдар мәселесіне көңіл аударда. Облыста шегірткенің ең көп таралатын ошағы Әйтеке би ауданы. Улау шаралары қарқынды жүргізілгенімен нәтиже жоқ. Шаруалар химиялық препараттардың қауқарсыз екенін айтады. Жол мәселесі тағы бар. Мәселен, егістік алқаптарға көлікпен жету мұң. Бүгінгі кеңесте балабақшалар мәселесі айтылды. Саны бар да сапасыз жоқ жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар көп. Санитарлық жағдайы былай тұрсын, ондағы тәрбиешілердің біліктілігі төмен. Балаларға дұрыс қарамау, ұрып-соғу, дұрыс тәрбие бермеу фактілері орын алып жатыр. Аймақ басшысы педагогтардың кәсібилігіне көңіл бөлуге шақырды.Количество показов: 323
Дата создания: 27.12.2023 23:58:06