Ақтөбелік қарттар жертөледе шахмат ойнайды
Ақсақалдар бос уақыттарын жертөледе өткізіп жүр. Ол жерде шахмат ойнайды. Бұл қыс басталғалы қарттар ойына оралған идея болатын. Алайда санаулы ардагерлердің бастамасы барлық замандастарын қызықтырған сыңайлы. Қала шетінен Есет батыр көшесіндегі №140- шы үйдің жертөлесін іздеп тауып алатын қариялардың қатары күн санап көбейіп келеді. Жертөленің төртке бөлінген тар бөлмесіне түгелдей үстел, сәкі орнатылыпты. Ауасы қолқа қабады. Алайда ақсақалдар уақытқа есе жібермеу үшін бәріне әзір. Жуырда басталған ішінара шахмат турнирінің кестесін бұзбай қатысулары керек. Ал турнир жеңімпаздарына әр зейнеткердің 200 теңгеден жинайтын жүлде қоры бұйырады. Қарттардың өз қызықтары өзінде. Малышка, қалалық сүт зауыты аудандары, Қарғалыдан қаланың орталығындағы атышулы жертөлеге күнде келетін қарияларымыз да бар. Замандастардың ең үлкені 91- жаста. Еңкейген қарттарымыздың балаша асыға күтетін басқосуы үшін еңселі ғимараттардан бір бөлме ауыса ма, жоқ па? Оны шаһар басындағылар білсе керек. Бұл жер әсіресе жалғызбасты зейнеткерлердің сүйікті орнына айналды. Жертөлеге кіре беріске керілген темір қоршау оларға еш кедергі емес. Күніне сан мәрте иіліп өтеді. |
Количество показов: 2219
Дата создания: 14.01.2013 12:58:13