Ақтөбеге онкологиялық скринигке арналған жылжымалы кешендер келді.
Жыл сайын дүние жүзінде миллиондаған адам қатерлі ісік диагнозынан көз жұмады. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қатерлі ісік емделеді, тек ол үшін уақытында ем алу керек. Диспансерлеу және уақытылы талдау өте маңызды. Ақтөбеге су жаңа екі медициналық кешен жеткізілді. Бұл аппараттарды "Қазақстан халқына" қоры сыйға тартқан. Құны 1 млрд. 90млн теңге.Жылжымалы медициналық кешеннің игілігін ауыл тұрғындары көруі тиіс. Себебі, ауылға маман тұрақтамайды. Әсіресе шалғайдағы елді-мекендерде жағдай қиын. Соның кесірінен тұрғындар қалаға қатынап, ем-дом іздеуге мәжбүр. Қос кешен алдағы уақытта ауыл-аймақтарды аралайды деген жоспар бар.Замануи құрылғылар Алматыда құрастырылған. Екеуі де онкологияны анықтауға қауқарлы. Айта кетейік, дәрігер соңғы жылдары қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқанын айтып дабыл қағуда. Сондықтан аурудың алдын алу үшін, материалдық базаны нығайту басты маңызды.
Количество показов: 297
Дата создания: 15.12.2023 22:42:37