Ақтөбеге денсаулық сақтау вице-министрі іс-сапармен келді.
Денсаулық сақтау бірінші вице министрі ақтөбеліктердің орташа өмір сүру жасы 74 пен 85 аралығында екенін тілге тиек етті. Өңірімізде өлім-жітім 6 пайызға азайған. Ал шаһарымыз батыс аймақтары бойынша медициналық орталыққа айналды. Қазір мұнда көрші облыстардан келіп ем алушылар көп. Ақтөбеде алдағы уақытта 5 амбулотория орталығының құрылысы жоспарланып отыр. 4 фельдшер-акушерлік орталық бой көтермек. Сондай-ақ, 20 медициналық пункт ашылады.Қазір шалғай ауылдарда да медициналық пунктер бар. 50 үйлі ауылға үйден қызмет жасайтын медбике болса, 500 тұрғыны бар ауылда медициналық пункте дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсетеді. Мысалы осы жылдың басынан Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріне 12 жылжымалы кешен барып, 30 мыңдай адамды қарап, ем-домын берген.Вице министрдің айтуынша, елімізде халық денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Себебі халық денсаулығының әл-ахуалын нығайту- мемлекеттің еншісінде. Сол үшін де медициналық орталықтардың құрылысына көп мән беріліп жатыр. Мәселен, келер жылы қаламыздаКоличество показов: 464
Дата создания: 10.11.2023 20:35:37