Ақтөбеде жүзуден республикалық біріншілік басталды
Республикалық турнирге 13 команда қатысып жатыр. Оның 10-ы қонақ команда, 3-уі Ақтөбе қаласы мен аудандарынан құралған. 450 спортшының 100-ден астамы ақтөбелік. Өңіріміздің намысын қорғап жатқандардың арасында 64-ші мектептің оқушысы, жүзуден алдына жан салмайтын Эрнест Айдын бар. Оның мақсаты - жеңіске жету. Ол облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 6 жасынан жүзуге қатысып, су спортының бірнеше түрін меңгерген. "Ақтөбе үміттерінен" оза шыққандар келесі жылы өтетін "Көңілді Дельфин" турнирі мен жүзуден Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл турнир республикалық чемпионаттың іріктеу кезеңінің бірінші сатысы. Біріншілік 15-ші қарашада аяқталады.
Количество показов: 1164
Дата создания: 13.11.2018 17:56:22