Ақтөбеде үй дауы
Ғалима Мұқашеваның сендіруінше, электр желілерін ауыстыру қажеттігі жөнінде ескерту осы үй бұрын қарамағында болған "Строитель-2" ПИК төрайымына жасалған. 13 жыл бойы 155 пәтерден ай сайын төлем жинап отырып, үйдің бір де бір шаруасын бітірмеген ПИК-іне тұрғындар сеніп отырған жоқ. Ғалима Мұқашеваның сөзінше, еш уақытта жұмысына көңілдері толмаған "Строитель -2"-ге соңғы уақытта тұрғындар төлем жасаудан бас тартқан. Алайда төрайымы сот арқылы 2 миллион теңге қарызды өндіріп алған. Былтыр 20-шы тамызда ПИК-інен шығып, кондоминиум құрған үй тұрғындары енді қаржылық есеп-қисаптарын бұрынғы төрайым қолынан ала алмай отыр. Бейбітшілік даңғылы №5-ші үй тұрғындары қалалық тұрғын үй инспекциясынан мәселеге араласуды сұраған. Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Хайдар Ермашев үйдің электр жүйелерін қалыпқа келтіру қазіргі кондоминум төрайымы Ғалима Мұқашеваның міндеті деп отыр. Өйткені облыстық атом және энергетикалық қадағалау-бақылау аумақтық департаменті үйді кондоминуимға бөлініп кеткеннен кейін тексеріп, ұйғарымды да жаңа төрайымның атына берген. Ескі ПИК-нің бұл іске ешқандай қатысы жоқ. Енді қандай да бір тарап бұл шешіммен келіспесе, сотқа жүгіне алады.
Количество показов: 1292
Дата создания: 12.03.2018 18:30:43