Ақтөбеде учаскелік полицейлер жетіспейді
Қалада учаскелік полицейлердің саны азайып кеткен. Оның себебі өткен жазда жүргізілген аттестацияда тест тапсыра алмаған учаскелік полицейлер жылы орындарын босатуға мәжбүр болған. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен мәжілісте мәлім болды. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 2011 жылы қалада 24 учаскелік полиция бекеті құрылған. Олар орталық көшелер мен қала маңындағы шағын аудандарда орналасқан. Бірақ, кейбір бекеттер жұмыс істемей тұр. Себеп- учаскелік полицейдің саны қысқартылғандықтан жалғыз маман ештеңеге үлгермейді. Бүгін қалалық әкімдікке келген Оңтүстік-Батыс ауданынында тұратын қария өздеріндегі бекеттің есігі әрқашан жабық тұрады деп шағымданды. Қарияға бұл мәселені қарауға ІІД бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиев уәде берді. Шенеунікке мәжілістің үстінде Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары да өз арызын жеткізді. Табиғаты жайсаң ауданда қазір 16 мың халыққа 5 учаскелік полицей ғана бөлініпті. Яғни 4 мың халыққа біреуден келеді. Қарғалыға атты полиция мен патруль қажет. Шалғайдағы Ясный елдімекенінде полиция бекеті жоқ. Қалалық әкімдіктегі мәжіліске қатысқан Қаныбек Жақсығалиевке бұл мәселе де баяндалды. Жиналысқа төрағалық жасаған Айгүл Арынғазиева тұрғындардың сұрақтарын тез шешіп, жұмысқа мықтап кірісуге тапсырма берді. |
Количество показов: 2264
Дата создания: 21.01.2013 19:16:12