Ақтөбеде «SOS дабыл батырмалары» іске қосылды.
Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "SOS" батырмалары іске қосылды.Полицияның сервистік моделін дамыту сала мамандарының шұғыл әрекет етуіне мол мүмкіндік жасайды. Аталмыш жүйеде тетікшені басқан соң, құрылғы орналасқан аумақ бейнекамераға түсіріліп, жедел басқару орталығындағы оператормен тікелей байланыс орнайды.Қазіргі таңда облыс орталығында 10 құрылғы және аудан орталықтарында, атап кетер болсақ Алға, Қандыағаш, Шалқар, Хромтау аудандарында 4 құрылғы жұмыс істеп тұр. "SOS" батырмасы полицияны дереу көмекке шақыруға арналған. Сондықтан, әрбір тұрғын оқиға орнынан 102 нөміріне қоңырау шалмастан, құрылғының батырмасын басу арқылы хабар бере алады.Айта кетейік, қала аумағына 10 "SOS" дабыл түймесі бар. Атап кетер болсақ, олар Тұңғыш Президент атындағы саябақта, Триатлон паркінде, Алтын орда ауданындағы "Денсаулық" паркінде, Кереев көшесіндегі "Зеңбірек" ескерткіш - обелискінде, Қобландин көшесіндегі "Теңге" мүсіндік композициясында, Нариманов көшесіндегі мешіт ауданында және Зауыт көшесі 21, Махамбетов көшесі 24 аудандарында орналасқан.
Количество показов: 382
Дата создания: 06.11.2023 23:32:07