Ақтөбеде шаруалар бас көтерді.
Ақтөбелік фермерлер бүгін рұқсат етілген наразылық митингісіне шығып,талап-тілектерін жеткізді. Шаруалардың айтар базынасы көп. Бірақ бастысы- "Аграрлық кредит корпорациясы" филиалына қатысты шағым. Ұйым шаруаларға несие берді. Ал оның 6 пайызын ғана шаруалар төлеп, 22-24 пайызы қазынадан өтелуі тиіс. Әйтсе де, берешек қордаланып жатыр. Үкіметтен қолдау болмай отыр, дейді шаруалар. Қарызға белшесінен батқан шаруалар тығырықтан шығудың жолын іздеп дал. Олар бірнеше айдан бері "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының басшысымен кездесуге әрекет еткен. Алайда екінші жақ үнсіз. Облыс әкімшілігінен де қолдау жоқ, деп налиды. Ал онсыз да қордаланған қарыз ай сайын көбеймесе, азаяр түрі жоқ.Количество показов: 434
Дата создания: 12.12.2023 22:47:59