Ақтөбеде "Сіздің жолаушы бала!"-акциясы өтуде.
Балаларды артқы орындыққа немесе үлкеннің алдына отырғызып, "Ештеңе етпейді",-деу жауапкершілігі жоқ адамның сөзі. Көлігіңіз сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатып, кілт тоқтаса бос отырған бала ұшады немесе басын алдыңғы орындыққа соғады. Ал кішкентай баланың мойны әлсіз екені белгілі.Авто кресло қымбат немесе балам отырмайды ,-деген де сылтау. Өйткені, балаларға арналған мұндай құрылғының қолданыста болған түрін де сатып алып, баласын тасып жүргендер бар. Автокресло-қымбат. Бірақ-перзентіңіздің өмірі одан да қымбат екенін естен шығармаңыз. "Сіздің жолаушы бала" акциясының мақсаты да осы. Жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақыру.Балаларды таситын таксилер де арнайы балалар автокреслосымен жабдықталуы тиіс. Таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.
Автокресло кішкентай балаларға ыңғайлы болса, жасы 12 ден асқан мектеп оқушыларына арнайы қауіпсіздік белбеулері бар. Мұндай белдіктің бағасы 2000 теңге,-дейді полицейлер. Жолда жылдамдықты асырмау, дистанция ұстау, жаяу жүргіншілерге жол беру, жарыспау, маневр жасауда қателеспеу-бұл басты қағида. Балаңыздың өмірі мен қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.
Количество показов: 364
Дата создания: 15.11.2023 23:56:34