Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы
Мұнайлы өңірде газ тапшы. Қаламыздың бірнеше автогаз құю бекетінде көгілдір отын жоқтың қасы. Газдың тапшылығы көлік тізгідегендердің де ығырын шығарған. Жаз басталса болды әр бекетті жағалауға мәжбүр. Талонға талас та осы кезде басталады,-дейді ақтөбеліктер. Одан қалса осы сәтті пайдаланып талонды 2 есе қымбат бағаға сататындар да шыққан. Ал жауапты тұлғалардың айтар өз уәжі бар. Ақ жағалылар газ тапшылығы аптаның соңына қарай шешіледі,-деп уәде беріп отыр.Мамандар да газдың тапшы екенін жоққа шығармайды. Ақтөбе облысындағы Газ тапшылығын болдырмау және алдын алу мақсатында ҚР-ның Энергетика министрлігімен ағымдағы жылдың тамыз айына Жайық мұнай зауытынан 972 тонна газ бөлінді. Алдағы апта қаламызға бөлінген газ жеткізілетін болады,деп хабарлады бөлім басшысы.Количество показов: 405
Дата создания: 27.08.2024 07:55:26