Ақтөбеде "Мейрімділік бумерангы" қайырымдылық жәшіктері бар.
"Мейрімділік бумерангы" жәшіктерінің орнатылғанына екі жыл болыпты. Осы уақыт аралығында қаладағы 20 дан астам мектеп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 100 деген бала мен бейімдеу орталықтарының тәрбиеленушілеріне жәрдем беріп келеді. Құрылтайшысы "Рахим" еріктілер клубы. Ақтөбеліктер белсенді. Апта сайын жәшіктер толып отырады, дейді еріктілер. Киім-кешектен бастап тұрмысқа қажетті кез-келген зат, жөргектер, ойыншықтар мұқтаж жандарға жеткізіліп отырады. Талап бір-жәшікке салынатын заттар су жаңа болмаса да, таза, жыртылмаған, қолдануға жарамды болуы шарт.Айзада Балмағамбетованың айтуынша, қазір қайырымды іс жасайтын белсенді адамдардың қатары көбеюде. Арнайылап жаңа киім-кешек сатып алып, салып кететіндері де көп. Жиналған заттың барлығы қажетті орындарға бөлінеді. Бүгінде "Рахим" еріктілер клубы қарамағына 20 мектеп, "Үміт" балалар үйі мен Ана мен бала кризис орталықтарын қамтып отыр.
Қазірде қайырымдылық жәшігі қаламыздың 2 ірі сауда орталықтарында бар. Сол жерге әр адам өзінің көмегі ретінде киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарларын, балаларға жөргек сияқты заттарды беруге болады. Барлық ақпаратты еріктілер Ақтөбе инстаграм парақшасынан білуге болады. Ыдыс-аяқ, төсек-көрпе сынды заттар қабылданбайды.
Количество показов: 332
Дата создания: 12.12.2023 22:45:11