Ақтөбеде инфекциялық аурулар өршіп тұр.
Күн салқындағанда маусымдық ауру белең алады. Иммунитеттің әлсіреуі адамды түрлі індетке шалдығуға әкеп соғады. Әсіресе, балалар арасында инфекциялық аурулар өршіп тұр. Тұмау, пневмония, бронхит пен ларингит. Бұған өңірде дендеп бара жатқан қызылшаны қосыңыз. Суық тию немесе инфекцияны жұқтыру динамикасы балаларда ждоғары. Ақ халаттылар, қоғамдық жерлерге бармай, медициналық маска тағудың маңыздылығын айтады. Қызылшадан келер қауіп жоғары. Екпеден бас тартып отырған ата-аналардың құлағына алтын сырға. Қызылшаның салдары жаман.Қарапайым жеке бас гигиенасы. Құнарлы тамақ ішу. Қатерлі аурулардан вакцина арқылы қорғану. Мұны естен шығармаңыз. Дәрігерлер дене қызуыңыз көтеріліп, жөтеліп, тынысыңыз тарыла бастаса бірден емханаға баруға кеңес береді. Ал сәбилерге жедел жәрдем шақыртқан жөн. Инфекцияны өздігінен емдемегеніңіз абзал. қазір қала емханаларында қызылшаға қарсы вакцинациялау шарасы жүріп жатыр. Ол үшін тіркеуде тұрған емханаңызға бару жеткілікті.
Количество показов: 238
Дата создания: 09.01.2024 22:37:16