Ақтөбеде дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес кампаниясы басталды.
1-ші желтосан күні Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күні кампаниясы жыл сайын қалада кең ауқымда атап өтіледі. Бұл күні жастар қауіпті дерттің жұғу жолдары мен, аурудың алдын алу шаралары тақырыбында әртүрлі шаралар ұйымдастырып жүр. Биыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері ақпараттық жұмыстарға көп уақыт бөлінгенін айтуда. Бүгінде қалада адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Бейнероликтер арқылы ақ халаттылар қоғамның назарын қауіпті дерттің алдын алу шараларына аудару, деп отыр.Облыстық ЖИСТ орталығында жыл басынан бері 10 ай ішінде АИТВ жұқпасына шалдыққан 57 адам тіркелген.Жалпы орталықта дәрігерлердің бақылауындағы аталмыш дертке шалдыққан адамдар саны 663. Бүгінде олардың дені тұрақты ем қабылдап, жылына бірнеше рет тексеруден өтіп тұрады. Орталықта аурудың алдын алу шараларымен қатар науқасқа шалдыққандарды емдеу ісі де тұрақты жүргізіледі. Соның нәтижесінде ЖИТС орталығында АИТВ жұқпасымен өмір сүретін 70 тен астам ана дүниеге дені сау сәби алып келген.
АИТВ жұқпасының клиникалық белгілері бірден біліне қоймайды. Сондықтан денсаулығы сыр бермесе де әрбір адам жылына бір рет бұл жұқпаға анализ тапсырып тұруына мүмкіндік бар. Барлық сараптама тегін жүргізіледі. Тексерілушінің талабымен сараптаманың түрі таңдалады. Тек қана қан арқылы ғана емес, қазіргі кезде сілекей арқылы жасалатын сараптамалар да бар. АИТВ анықталған жағдайда барлық ем тегін дейді орталық дәрігерлері.
Количество показов: 390
Дата создания: 17.11.2023 00:12:25