Ақтөбеде биыл 57 адам АИТВ жұқтырған.
"АИТВ инфекциясының алдын алу" тақырыбында өткен семинарда 75 ерікті даярланды. Олар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері. Еріктілерді даярлау "Тең - теңімен" әдісімен жүзеге асты. Яғни, студенттерге тек АИТВ инфекциясы туралы ақпарат беріліп қана қоймай, тең дәрежеде сабақ өткізілді. Сондай - ақ, бұл қауіпті инфекцияның алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.Бүгінгі семинарға медицина университетінен келген "Медик" еріктілер тобы қатысты. Аталмыш топ 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түрлі медицина бағытында өтетін семинар - тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып жүр. Биыл облыста 57 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Мамандардың айтуынша, дертті жұқтырғандардың дені жыныстық қатынас арқылы. Жас ерекшеліктеріне келер болсақ, АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың ең жасы 18 - жаста.Количество показов: 364
Дата создания: 11.12.2023 20:47:22