Ақтөбеде баспана жыры бітер емес.
Бұған дейін қаладағы үлескерлердің сеніміне кіріп үлгерген, жауапкершілігі жоғары компаниялардың қатарындағы "Сәулет құрылыс" ЖШС жұмысынан да шикілік шыға бастады. Алғашқы жарна ретінде ақша салып , құрылысы бітетін үйден пәтер аламыз деп жүргендер компанияны сотқа береміз деп отыр. Мына кешенде салынып жатқан тоғыз қабатты бір, бес қабатты екі үйдің құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталыпты. 2022 жылы мамыр айында үй салынып бітуі тиіс болатын. Бірақ, бір жарым жылдан бері әлі бізді компания басшылары құрғақ уәдемен сендіріп келеді, дейді үлескерлер. Бүгін тағы да компания өкілі үйлердің құрылысы жаңа жылға дейін толық аяқталып, пәтер иелері қоныс тойын жаңа жылмен бірге тойлай алады деп айтып кетті. Бірақ үлескерлер оның сөзіне сене қоймады. Бұл үйден пәтер алмақ болған тұрғындар қазір баспанасыз қалдық деп отыр. Олардың көпшілігі 50 пайызға дейін алғашқы жарна құйып, несие төлеп отырмыз дейді. Үлескерлер пәтер жалдап тұрамыз, несие тағы бар, компания отбасымызды тығырыққа тіреді деп налиды.Батыс-2 ауданынан пәтер аламыз деп дәл мұндай жағдайға тап болған үлскерлер саны соңғы жылдары көбейіп кеткен. Бір ғана "Сәулет құрылыс" серіктестігі салып жатқан бірнеше кешеннің құрылысы тоқтап тұр. Есесіне үлескерлер компания облыс аумағында құрылыс материалдарын шығаратын ірі-ірі зауыттар салып жатқанын айтады. Ал, "Сәулет құрылыс" компаниясының өкілі болса, тұрғын үй кешендеріндегі жұмыстың тоқтап қалуына құрылыс материалдарының қымбаттап кеткендігі себеп болды дейді.Количество показов: 344
Дата создания: 06.11.2023 23:27:12