Ақтөбеде "Қауіпсіз жол" алдын алу шарасы басталды
Өткен жылы өңірімізде 611 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 139 адам көз жұмған. Қайғылы жағдайлардың көбісі жүргізушілердің жолда жүру ережелерін сақтамауынан туындап отыр. Сондай-ақ көлігіне мас күйінде отырып немесе жылдамдықты шамадан тыс арттыратын жерлестеріміз де аз емес. Өткен аптада облысымызда 14 жол оқиғасы тіркеліп, оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталған. Жалпы осы аталған уақыт ішінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 1939 жүргізушіні анықтапты. Оның 48-і автокөлігін мас күйінде басқарса, 275-і жылдамдықты шамадан тыс асырған. Сондай-ақ көлігін кез-келген жерге қойып кете беретін жерлестеріміз де азаймай отыр. Жолда орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жол полициясы қызметкерлері бүгіннен бастап облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасын өткізуде. Осыған орай Ақтөбедегі жол полициясының барлық құрылымдары күшейтілген тәртіптегі қызметке көшті. Жылан жылы басталғалы бері облыста 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 адам көз жұмған. Осындай қайғылы жағдай жақында "Ақтөбе-Астрахань" бағытындағы тас жолда орын алды. Қандыағаш қаласына бара жатқан 26 жастағы "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып "Лада" көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде "Лада" автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. |
Количество показов: 2176
Дата создания: 14.01.2013 12:58:45