Ақтөбеде қарттар үйінде 205 адам тұрып жатыр.
№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 205 адам тұрады. Олардың 80 - нен астамы мүгедек жандар болса, 120 - дан астамы қарт адам. Дені зейнеткер, жастары 63 тен жоғары. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы атынан қарттар мен мүгедек жандар күніне 4 рет тамақтанып, кітапханада кітап оқып, медициналық көмек алып, бос уақыттарында үстел теннисі сынды ойындар ойнайды.Бүгін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова орталыққа барып, қарттарымыздың жай - күйімен танысты. Ұсыныстарын тыңдап, биылдан бастап енгізілген заң жобаларын таныстырды.Орталықты мекендеген қарттар жағдайлары жақсы екенін тілге тиек етті. Ғимараттың іші таза, әрі жылы. Медициналық көмек те бар. Айта кетейік, өткен жылы №1 - ші әлеуметтік қызмет көрсету орталығы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Оған бюджет есебінен 701 млн теңге бөлінді. Сондай - ақ, орталық жылу желілерімен де толық қамтылған.Количество показов: 261
Дата создания: 04.01.2024 00:49:51