Ақтөбеде академик Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық орталық ашылды.
Еліміздің тарихы әлі де зерттеліп, құнды байлықтарымыз көбеюде. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінде Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың Батыс Қазақстандағы филиалы ашылды. Орталықтың негізгі миссиясы -Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтарын жастарға насихаттау. Мұнда 4 облыс аумағындағы археологиялық,өлкетану зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.Іс-шараға кіре берісте "Хан моласы қорымындағы кешенді зерттеулер: Әбілқайыр хан бейіті қалай табылды" деген тақырыпта орталықтың зерттеу жұмыстары көрсетілген. Ал, студенттер осындай қазба жұмыстарына арналған практикалық тапсырмаларға жыл сайын барып тұрамыз дейді. Айтуларынша, облысымыздың әрбір ауданына әлі де көп зерттеу жұмыстары қажет. Студенттердің соңғы жылдағы ең елеулі қазба жұмыстары Қобда ауданында 38 күнге дейін созылыпты. Ашылу салтанатына облыс әкімі Асхат Шахаров пен университет басқарма төрағасы қатысып, орталық мүшелері мен археологтарға өз игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, келген қонақтар орталықтың зерттеу жұмыстарынан тұратын көрмені тамашалап, қаламыздың тарихына бір шолу жасады.
Количество показов: 398
Дата создания: 24.11.2023 04:12:54