Ақтөбеде 20 ана "алтын" және "күміс" алқа иегері атанды
"Балаларым бақытым"- деген көп балалы ана Сангүл Есжанова бүгін "күміс" алқа иегері атанды. Құрсағында 7ші баласына аяғы ауыр келіншектің жасы 35 те. Тұңғышы 13 жаста болса, кенжесі 1 жастан енді асып жатыр. Сәнгүл балаларына бақытына балайды. Әр бала өз несібесімен келетініне сенімді. Көп балалы ана мемлекеттің қолдауы бар екенін айтады. Үйінде үш оқушысы бар ол әр балаға 43 000 теңге алады. Ал мектепте бүлдіршіндер тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сәнгүл ханым енді қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ем. Бұйырса 7 ші перзентін дүниеге әкеліп, бір жылдан соң алтыннан алқа тағамын деп отыр. Отағасы "Рахат" сауда үйінде әкімші болып жұмыс істейді. Отбасына ғана емес, бүкіл әулетке қамқор болып отырған ел ағасы,-деп бөліседі зайыбы.Айта кетсек, аналарға алқаларын Астана ауданының әкімі Алмас Жақсылықов табыстады. Жиынға қатысқан көп балалы аналардың саны 20, оның ішінде төртеуі "күміс" он алтысы "алтыннан" алқа тақты. Аналардың жасы 32 мен 35 тің аралығында.
Жалпы қаламызда көп балалы аналардың саны 5000 нан асады.
Количество показов: 486
Дата создания: 02.08.2024 05:06:30