Ақтөбе облысында жаңа үлгідегі көлік нөмірлері беріле бастады
Бүгіннен бастап Ақтөбеде көліктерге жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады. Түстен кейін облыстық жол полициясында жүзге жуық су жаңа нөмірлер иелеріне табысталды. Жаңа нөмірлерде ескілерге қарағанда біраз айырмашылық бар. Облыстық жол полициясы басқармасында бүгін әдеттегідей қарбалас. Құжат берілетін терезе маңында кезекке тұрған халық. Сағат тілі тура 3 болғанда терезені ашқан полиция қызметкері азаматтардың тегін хабарлай бастады. Бірақ, ең бірінші болып көлігіне жаңа нөмірін алатын ақтөбелік бұл кезекте болмай шықты. Есесіне 30 жылдан бері көлік жүргізіп келе жатқан Бекболат Жайхановтың бағы жанып, алғашқылардың қатарына ілікті. Жақында автокөлігінің қлзғалтқышын ауыстырған уақытта жүргізушіге техникалық төлқұжат пен жаңа нөмір алу қажеттігі ескертілген. Сондықтан 9 мың теңгеге мына жаңа нөмірді алып тұр. Ескі нөмірлерді жаңа үлгідегі нөмірлерге ауыстыру міндетті емес. Нөмірлер жоспарлы түрде, яғни автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу кезінде беріледі. Бұрын алған ескі үлгідегі нөмірлер тозып қалғанша жарамды. Тіркеу кезінде олар автоматты түрде алынады. Сонымен қатар, нөмірлерге төленетін мемлекеттік баж көлемі өзгермейді. Жаңа үлгідегі нөмірлерге жол қозғалысы туралы БҰҰ Конвенциясының талаптары дизайн ретінде енгізілген. Соған сәйкес нөмірлерде айырмашылық белгісі ретінде мемлекеттік ту бейнеленген. Бір айта кетерлігі нөмірді жүргізушілердің өздері бекітіп алады. Ол үшін нөмірдің сыртына қажет жақтауды сатып алу керек. Нөмірде тудың суреті, қысқартылған кз жазуы, көлігіңіздің нөмірі яғни үш сан мен әріптер және облысқа берілген 04 саны болады. Мәселен жеке тұлғаларға үш әріп таңбаланса, заңды тұлғаға екі әріп қана жазылады. |
Количество показов: 2129
Дата создания: 30.01.2013 18:53:36