88 жастағы қария өзінің 83 жастағы жұбайын өлтірді
Соңғы 3 күн ішінде облысымызда 98 қылмыстық іс тіркеліп, оның жартысынан астамы ізі суымай ашылған. Кісі өлтірумен тынған қанды оқиғалардың бірі Ақтөбеде 25 қаңтарда орын алды. 88 жастағы қария өзінің 83 жастағы кемпірін балғамен ұрып өлтірген. Алған жарақатынан кейуана облыстық жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Кісі өліміне қатысты тағы бір қанды оқиға қала маңындағы саяжайлардың бірінде тіркелген. 27 қаңтар күні таңғы сағат 7-лер шамасында 102 нөміріне белгісіз ер адамның қайтыс боғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы әлгі азаматтың тұрақты үйі жоқтығын, осыған дейін аталған саяжайда күзетші болып жұмыс істегенін анықтады. Марқұм бұған дейін 35 жастағы әйелдің үйінде тұрып келген. Ақтөбеде отбасылық кикілжіңге қатысты орын алатын құқық бұзу деректері де азаймай отыр. Өткен аптада тәртіп сақшылары дәл осындай 400-ден астам жағдайды анықтап, 200 ақтөбелікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. |
Количество показов: 2209
Дата создания: 28.01.2013 18:18:43