8 өзеннің арнасы тазартылады
Көктемдегі су тасқыны ақтөбеліктерді біраз әуреге салғаны анық. Өзендер арнасынан асып, саяжайларды су шайды. Көпірлер құлады. Солардың бірі - Сазды өзенінің "Айболит" бау-бақша ұжымы орналасқан бөлігі. Тұрғындар өз қаражаттарына салған көпір де биыл су астында қалған еді. Бірнеше ай өтсе де жөнделмеген. Қираған күйі әлі жатыр. Тұрғындар да наразы. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы аймақты қарап шықты. Сазды өзенінің арнасын тазартуға жергілікті бюджеттен 50 млн.теңге бөлінген. Ал, "Жақсылықов" ЖШС-і мердігер мекемесі құлаған көпірді жөндеуге кіріскен. Жергілікті билік өкілдері өзендерді тазарту жұмысына күзде кірісе бастады. Жыл соңына дейін 8 өзеннің арнасы тазартылады. Қарғалы, Елек, Сазды, Жаман және Жақсы Қарғалы өзендері бар. Олардың жобалық-сметалық құжаттарын даярлауға жергілікті бюджеттен 170 млн. теңге қаржы бөлінген. Тазарту жұмыстарын "Антарис" ЖШС-і мердігер мекемесі қолға алған.
Количество показов: 1431
Дата создания: 06.10.2017 19:05:40