400 ақтөбелік ағза ауыстыру отасын күтуде.
Облыста ағза ауыстыру отасын күтіп отырған 400 - ден астам науқас бар. Оның 40 - қа жуығы бала. Дені бүйрек операциясына мұқтаждар. Облыста созылмалы бүйрек және гемодиализ ауруына 500 - ден астам адам шалдыққан. Бүйрек трансплантациясын қажет ететіндер саны да жыл санап артып отыр. Өкінішке қарай, елімізде медицинаның бұл саласы дамымаған. 1 донор 7 адамның өмірін құтқарады. Қазіргі таңда мәйіт те донор бола алады. Бірақ, көбінесе бұл шешіммен қайтыс болған адамдардың туыстары келіспей жатады. Статиситикаға сүйенсек, 2014 жылдан бері мәйіттік донордан 9 ота жасалынды.Өңірімізде транспланталогиялық операция алғаш рет 2014 жылы жасалған. Осыдан 10 жыл бұрын "Бауыры бауырына бауырын берді" немесе анасы баласына ағзасын беріп құтқарды деген жаңалық жиі еститінбіз. Қазір трансплантология саласы кенжелеп тұр. Бұған тұрғындардың өздері кінәлі дейді дәрігерлер. Мәселен, шетелде мәйіттік донор бағыты жақсы дамыған. Трансплантация -ағзаның аса ауруларымен ауыратын көптеген науқастарға өмір сүруге мүмкіндік беретін жалғыз емдеу әдісі. Атап айтқанда, қайтыс болғаннан кейін донорлық органға трансплантация жасау басым бағыттардың бірі. Сондықтан қоғамның "мәйіттік донорлық" деген түсінікті дұрыс қабылдауы өте маңызды,-дейді дәрігерлер.Количество показов: 360
Дата создания: 08.11.2023 00:45:07