32 жастағы 3 баланың анасы ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін
Ата-аналық құқынан айыру, мектеп оқушысын тәртіпке салу. Бүгін қалалық әкімдікте өткен жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында осы мәселелер қаралды. 11-10 және 4 жастағы 3 бірдей баланың анасы, қала тұрғыны Лариса Мунды ата-аналық құқынан айыру мәселесі шешілді бүгін жасөспірімдер ісі жөніндегі қалалық комиссия отырысында. 32 жастағы әйел ішкілікке салынған. Қыздары мен ұлының тәрбиесімен айналыспайды. Заречный полиция бөлімінің инспекторы комиссияның сот алдында әйелді ата-аналық құқынан айыру жөнінде өтініш білдіруін сұрады. Лариса Мун 3 баланы екі әкеден туған. Қазір ешқайсысымен де тұрмайды. Әкелерінен де балаларға түк пайда жоқ. Балалардың екеуі №53 мектепте оқиды. Олардың киім-кешегі толық мектеп әкімшілігінің мойнында. Комиссия мүшелері балалардың анасына жағдайды сәл де болса жеңілдетуге оқталып, бірнеше сұрақ қойды. Бірақ, әйел тарапынан балаларына деген аналық махаббатын байқай алмады. Комиссия сотқа Лариса Мунды ата-аналық құқынан айыру жөнінде өтініш білдіретін болды. Сондай-ақ комиссия бүгін 14 жастағы мектеп оқушысының тәртібін түзетуге қатысты сұрақты талқылады. Қыз бала №6 мектепте оқиды. Желтоқсан айынан бері сабақтан жиі қалып, мектеп әкімшілігінің есебіне қойылған. Ал ақпанның жетісі күні ол анасының рұқсатынсыз үйінен кетіп қалған. Қыз бала үйіне 3 күн қонбаған. Анасының арыздануы бойынша іздеу жұмысына полиция кірісіп, оны теміржол вокзалы маңынан тапқан. Мектеп оқушысы өзінен 2-3 жас үлкен құрбыларымен бірге пәтер жалдап, сол пәтерде туған күн тойлап, көңіл көтерген. 35 жастағы жалғыз басты анасы қызын тәртіпке салатынын айтып, комиссия алдында уәде берді. |
Количество показов: 2279
Дата создания: 22.02.2013 19:30:34